«Мен алақаныма күннің көзін аламын» балалар мерекесі

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Мен алақаныма күннің көзін аламын» балалар мерекесі 3.06.2017 жылы ҚЗҚ акт залында өтті. Шараның мақсаты: мерекелік шаттық көңіл-күйді қалыптастыру, балаларды шаттыққа баулу, мерекеге белсенді қатысуға деген ынтасын ояту.

Мерекенің тарихымен, мерекенің пайда болуымен балаларды жүргізуші таныстырды. Қалалық және облыстық басқарманың төрағалары Е.С. Аманжолов пен А.У.Ташенова құттықтау сөздер айтты. Сосын сахнаға көңілді кемпір Шапокляк шығып, ол балаларға оның «күлкілі ойындарын» ойнауға шақырды, бірақ балалар оның «мейірімсіз» ойындарын ойнауға келіспеді. Қорытындысында Шапокляк мейірімді болып, түзелуге сөз беріп, балалармен олардың көңілді ойындарын ойнады. Шара барысында балалармен келесі ойындар ойналды: «Қатені тап» ойыны; «Алтын балалық шағыңды еске ал» ойын-әңгіме; көрермендермен ойын, «Шалқан» ойын-ертегі; «Жазда болады» музыкалық ойын. Балалар барлық ойындар мен конкурстарға белсенді қатысып, өлеңдер айтып, әндер шырқады. Мерекенің қорытындысында балалар сыйлықтар мен тәттілер алды. Шараға -54 адам қатысты.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!