«Ән айту -дегеніміз өмір сүру» респект-кездесу / Респект-встреча «Петь – значит жить»

Музыкант, композитор  Серікбай Бариевич Құсайновтың 80 жылдығына арналған «Ән айту -дегеніміз өмір сүру» респект-кездесу ҚЗҚ акт залында 20 қазанда өтті. Оның өмірбаянымен жүргізушілер таныстырып, Құсайынов халық инструменттерінің оркестрін құрғаны жайында айтты. Оның көмегімен Жамбыл, Тимирязев және Шал ақын атындағы ауданда, Петропавлдың кейбір колледждерінде ұлттық оркестрлері құрылды. Петропавл музыкалық колледжінде домбыра сыныбы бойынша бөлім Құсайновтың басшылығымен құрылды. Оған арналған «Немерем», «Некогда жить» өлеңдері кездесу кезінде орындалды. Оның өмірінен алынған қызықты оқиғалар туралы шараның қонақтары Жакеев пен Хайрулин әңгімеледі. Кездесудің қорытындысында мерейтой иесі домбырада бірнеше ән шырқады. Шараға 98 адам қатысты.

20 октября в актовом зале КОС состоялась респект-встреча «Петь – значит жить», посвященная 80-летию музыканта,  композитора  Серикбая Бариевича Кусаинова. Ведущие мероприятия познакомили с его биографией, также рассказали, что Кусаинов создал оркестр народных инструментов. С его помощью созданы национальные оркестры в Жамбылском, Тимирязевском и районе им. Шал акына, в некоторых колледжах Петропавловска. Под руководством Кусаинова создано отделение по классу домбры в Петропавловском музыкальном колледже. В ходе встречи были исполнены песни «Немерем», «Некогда жить», посвященные ему. Гости мероприятия Жакеев и Хайрулин рассказали об интересных событиях его жизни. И в завершении  встречи юбиляр исполнил несколько номеров на домбре.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!