Келімбетов, Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері / Н. Келімбетов. – Алматы : Раритет, 2011.-432 б.
  • Аннотация:

    ЮНЕСКО-ның Франц Кафка атындағы Халықаралық сыйлығының және Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, профессор Немат Келімбетовтің оқырманға ұсынылып отырған осы кітабы қазақ әдебиеті тарихының қайнар-бастауларымен табыстырады.

    Автор сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне көркемдік дәстур жалғастығы тұрғысынан талдау жасайды.

    Зерттеуші ежелгі түркілердің тарихи және әдеби шығармаларын бүгінгі ғылым қол жеткізген жаңа жетістіктерімен байыптай отырып, түркі мәдениетін зерттеп жүрген танымал ғалымдардың еңбектері мен өзінің «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстур жалғастығы», «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Көркемдік дәстүр жалғастығы» атты шығармаларына сүйенеді
    Бұл кітап қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуші ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне және көпшілік оқырман қауымға арналған.
     

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!